"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

Көрісу күні – Амал мерекесi!

Бүгін Қозыбаев университеті Көрісу күнін– Амал мерекесін тойлап жатыр! Дәстүр бойынша бұл күні үлкендерге құрмет көрсетіп, ақ тілектер айтамыз, бір-бірімізді көктемнің сәтті келуімен құттықтаймыз. Әр факультет ұлттық салт-дәстүрлерден қойылымдар көрсетіп, дастарханға ыстық бауырсақ пен тәттілерді үйіп қойды. Барлығы бір-бірімен амандасып, көрісіп шықты.Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев факультеттерді аралап, құттықтауын жеткізді. Бұл күн– табиғаттың жаңаруымен тұспа-тұс келетін ұлық мейрам.

Ежелден 14 наурызды қазақ халқы жыл басы деп санаған. Халқымыз көктемгі күн мен түннің теңелуіне тура бір апта қалғанда, бір-біріне қонаққа барып, Наурыз мерекесін тойлауға дайындалады. Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтаймыз, көктем мезгілі үйлеріңізге қуаныш пен береке әкелсін! Осы күні айтылған ізгі тілектер мен армандар орындалсын!

14.03.2025