Бүгін Қозыбаев университетінің командасы Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттерімен кездесті. Басты мақсат – балаларды университетіміздегі дуальды білім берумен және жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру. Қазіргі таңда колледж түлектерінде, жұмыс орнын тастамай-ақ, дуальды бағдарламаға түсудің бірегей мүмкіндіктері бар. Қабылдау кезінде олар тек 2 пәнді тапсырады. Университетте ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін курстар да бар.
«Елге техникалық кадрлар аса қажет. Мемлекет басшысы өз Жолдауында білім беруді техникалық негізге қою керектігін нақты атап өтті. Қазақстанның индустриялық тұрғыдан дамып, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарының ашылып жатқанын байқап отырмыз. Осы орайда дуальды білім беру жүйесі, колледж түлектеріне жоғары білім алып, жұмысқа орналасуға тамаша мүмкіндік береді»,- деді Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев.
Жалпы, университет Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжімен көп жылдан бері ынтымақтасады. Студенттеріміз мұнда тәжірибеден өтеді.Сонымен қатар, студенттеріміздің (тәжірибеден өту кезінде)бағдарламалық басқаратын станоктар операторы, электр монтаждаушы, токарь, электр және газ дәнекерлеуші және т.б. бойынша біліктіліктерін арттырады. Дайындық 2017 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Ынтымақтастық СҚО-ның 4 колледжімен жүзеге асырылады. Осы уақыт ішінде 600-ге жуық адам оқытылды. Б.Әшімов атындағы ПМЖКК 70-тен астам студенттеріміз жұмысшы біліктілігін алды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.