Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университеті мен СҚО ТЖД ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қозыбаев университеті мен ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Енді студенттер ТЖД мамандарының жетекшілігімен курстарға және тәжірибелік сабақтарға қатысуға мүмкіндік алады. Төтенше жағдайларда аудармашы және құтқарушы ретінде жұмыс істей алатындай шет тілдерін меңгерген студенттерді даярлауға ерекше назар аударылатын болады.Сонымен қатар, бірлескен іс-шаралар мен семинарларды, конференцияларды өткізу жоспарланған. Бұл балаларға іс жүзінде дағдарыс жағдайында өзара іс – қимыл дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. 

«Құжат жоғары оқу орны мен өңірдің төтенше жағдайлар қызметі арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған нақты қадам. Төтенше жағдайларға әрекет ету ғана емес, сондай-ақ, олардың алдын алу маңызды. Біздің ынтымақтастығымыз студенттердің кәсіби және практикалық дағдыларын дамыту, қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған»,- деп атап өтті Басқарма Төрағасы- Ректордың Мансұр Әлімханов. 

Жиынға қатысқан СҚО ТЖД  бастығының орынбасары, подполковнигі Мұрат Қангужинов сөз сөйледі: «Қазір ҚР барлық аумағында белсенді су тасқыны басталады. Осыған байланысты студенттер алған білімдерін төтенше жағдайлар кезінде қолданып өзін немесе басқа адамдарды құтқарған көптеген мысалдар бар. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері толыққанды теориялық және практикалық көмек көрсетуге дайын».

20.03.2025