Наурызнама апталығы жалғасуда. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ұлттық спорт күні тойланды. Университетіміздің оқытушылары мен студенттері арасында спорттық батл өткізілді. Байқауда барлық факультеттерден 30-ға жуық адам бақтарын сынады. Шараны ҚХА кафедрасы, СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер, «Қоғамдық Келісім» мемлекеттік мекемесі, AMANAT партиясы, 17 Ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешені, «Алуа» халық би ансамблі ұйымдастырды.
Бүгінгі күн спорттың ұлттық түрлеріне: қазақ, орыс, әзірбайжан, татар, шешен, армян, корей халықтарының ұлттық ойындарына арналды. Сайыс нәтижесінде оқытушылар командасы жеңіске жетті. Студенттер бұл шараға белсенділікпен қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.