"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі-топастық, екіншісі-жалқаулық.

Платон

Ұлттық ойындардан спорт батл өтті

Наурызнама апталығы жалғасуда. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ұлттық спорт күні тойланды. Университетіміздің оқытушылары мен студенттері арасында спорттық батл өткізілді. Байқауда барлық факультеттерден 30-ға жуық адам бақтарын сынады. Шараны ҚХА кафедрасы, СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер, «Қоғамдық Келісім» мемлекеттік мекемесі, AMANAT партиясы, 17 Ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешені, «Алуа» халық би ансамблі ұйымдастырды.

Бүгінгі күн спорттың ұлттық түрлеріне: қазақ, орыс, әзірбайжан, татар, шешен, армян, корей халықтарының ұлттық ойындарына арналды. Сайыс нәтижесінде оқытушылар командасы жеңіске жетті. Студенттер бұл шараға белсенділікпен қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.

20.03.2025