Сөздәйектер галереясы
Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.
Шоқан Уәлиханов
Біз тазалық үшін!
Студенттік қалашықтан 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Қозыбаев университетінің ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты.Ғимараттар мен жатақханалардың айналасын тазалауға қызметкерлер, оқытушылар мен студенттер жұмылдырылды.
Сондай-ақ, 100-ге жуық білім алушы Е.Бөкетов көшесі бойындағы саябақтарды ретке келтірді. Онда 1 500 келі қоқыс жиналды. Алдағы уақытта да ЖОО қызметкерлері мен студенттер жұмылып, университетімізді таза әрі жайлы ету үшін сенбіліктер мен экологиялық акцияларды өткізуді жоспарлап отыр.
31.03.2025