Қозыбаев шаңырағында алғаш рет Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орайластырылған SHYN CUP республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Бұл зияткерлік шара білімге, азаматтық сананы дамытуға ұмтылатын жас көшбасшылардың басын қосады. Дәстүрлі шешендік өнер сайысы мемлекеттік тілде, британ парламеттік форматында ұйымдастырылды. Додаға ойы ұшқыр, тілі шешен жастардан құралған 60-тан астам студент қатысты. Биыл республикалық пікірсайыс турнирі әдеттегідей студенттердің ғана емес, мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. Пікірсайысқа Астана, Қарағанды, Семей, Көкшетау, Павлодар, Қостанай қалаларының қатысушылары шақырылды. Жалпы жүлде қоры 490 мың теңгені құрады.
«Біздің оқу ордамызда «Shyn» және «аргументтер Лигасы» пікірталас клубтары жұмыс істейді. SHYN CUP интеллектуалды ойын -бұл жай ғана жарыс емес, ой мерекесі, диалог кеңістігі және жаңа ұрпақтың нағыз көшбасшыларын анықтайтын алаң!», — деді Алуа Бекбаулова «Shyn» клубының жетекшісі.
Турнирдің ұйымдастыруына СҚО Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «СҚО Жастар мәслихаты» ЖҚБ белсене атсалысты. Дебат ойындары өзекті әлеуметтік-саяси мәселелерді, сондай-ақ,сөз бостандығы, білім беруді дамыту, жастар саясаты тақырыптарын қамтыды. SHYN CUP республикалық пікірсайыс турнирі ашық түстер мен атмосфера қосатын «Worldwide Animation» ерекше стилінде өткізілді. Даналық пен шығармашылық, дәстүр мен жаңашылдық арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығы ескеріліп, елеулі пікірталастың алаңы құрылды.
Екі күндік қызу пікірталас нәтижесінде Астана мен Павлодардың «Қызылжар» фракциясының аралас командасы — Ролан Мұхитжан мен Бекхан Жақсылық республикалық турнирдің жеңімпаздары атанды. Құттықтаймыз!