Медициналық факультет Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шара ұйымдастырды. Жыл сайын өткізілетін жиын игі дәстүрге айналып үлгерді. Болашақ дәрігерлер барлық тілек білдіруші студенттердің, оқытушылардың және университет қызметкерлерінің денсаулығын функционалдық тексеруден өткізді. Қандағы оттегі деңгейін өлшеу, қан қысымын бақылау, дене салмағының индексін есептеу– осы қызметтердің барлығы кампуста тегін көрсетілді. Қатысушыларға денсаулықты сақтау жолдары туралы брошюралар мен көрнекі құралдар ұсынылды. MФ студенттері үшін бастапқы тексеру барысында медициналық дағдыларды практикада қолданудың жақсы тәжірибесі болмақ. ТЭҚФ бірлесе отырып би флешмобын өткізді.