Астанада жастар арасындағы гір көтеруден ҚР Чемпионатына еліміздің 14 облысынан 400 спортшы жиналды. Оған СҚО құрамасының қатарындағы Қозыбаев университетінен үш студент қатысты.МИ-21 (МЖҒФ) тобының студенті Валентина Беседина 24 келі салмақта гірді жұлқа көтеруде чемпион атанып, халықаралық спорт шебері нормативін орындады!
Екінші курс студенті Оксана Шмакова (ФКС 23-1 тобы) 68 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде екінші орынды иеленді. Роман Снытко (ФКС-22-3 тобы) гір көтеруден ҚР спорт шебері нормативін орындап шықты.Спортшыларымызды Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Андрей Ярославович Глывяк дайындайды. Құттықтаймыз!