Бүгін профессор Род Винг командасының Қозыбаев университетінде соңғы жұмыс күні аяқталды. Ол Аризона университетінің геномика институтының директоры, сонымен қатар KAUST (Сауд Арабиясы) өсімдік шаруашылығы профессоры. Род Вингтің өсімдік ғылымындағы 33 жылдық мансабы, АҚШ пен бүкіл әлемді қамтиды. Оның күріш пен басқа да дақылдардың геномдарын зерттеудегі жұмысы, әлемдегі ғылыми және аграрлық қауымдастыққа 2050 жылға қарай халықты қоректік тағаммен қамтамасыз етумен байланысты іргелі мәселелерді зиянсыз шешуге көмектесті. Профессор Винг Қозыбаев университетімен белсенді ынтымақтасады.
Ол «Ұлттық қазына геномикасы» бастамасына қатысады, оның авторы және жетекшісі доктор Сәуле Мұсұрова. Жоба каспий итбалығы мен Грейг қызғалдағын қоса алғанда, бірегей қазақстандық түрлердің геномдарын ретке келтіруге және құрастыруға бағытталған. Сонымен қоса, Профессор Винг, СҚУ Агрокомпетенция орталығының геномдық жобаларына стратегиялық қолдау көрсетеді. Жалпы бидай селекциясын жақсартуға және Солтүстік Қазақстанның климатына бейімделген жаңа сорттарды әзірлеуді жеделдетуге көзделген.Біздің ЖОО-да профессор, студенттерге арналған бірқатар семинарлар өткізіп, ғылыми іс-шараларға қатысты.
«Драг-дизайн әдістері (дәрілік препараттарды әзірлеу)», «Биологиялық зерттеулердегі аналитикалық әдістер» тақырыптары бойынша білім алушыларымызға арналған семинарларды Альберт Эйнштейн ат. Медицина колледжінің (Нью-Йорк, АҚШ) ғылыми қызметкері доктор Владлена Харченко ұйымдастырды.Делегация құрамында Калифорния Университетінің (АҚШ) ауылшаруашылық және экологиялық химиясы бойынша Ph.D докторы Дженнифер М.Винг болды.
Біз педагогикадағы инклюзия бағытын белсенді дамытып жатырмыз. Аризона университетінің қауымдастырылған профессоры Тони Спаркс өзінің бай тәжірибесімен бөлісті. Ол СҚО студенттері мен арнайы педагогтарына инклюзивті білім берудегі заманауи тәсілдер мен технологиялар бойынша семинарлар өткізді. ПОҚ үшін «Инклюзивті білім берудегі педагогтардың кәсіби дамуы» курсын өткізді.Қонақтарымызға Аризона университетімен ынтымақтастық жобасын қолдағаны үшін және оқу ордамыздың студенттерімен бөліскен білімдері үшін алғыс айтамыз!