Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Ғылым жолында: профессор Бақыт Бегенова 75 жылдығын атап өтті

Университетте «Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері» атты дәстүрлі XIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы  өтті. Биыл ол х.ғ докторы, профессор Б.Е. Бегенованың 75 жылдық мерейтойына арналды. Бақыт Естекенқызы – ион алмастырғыштардың қасиеттерін синтездеу және зерттеу саласындағы көрнекті ғалым. Жылуға тұрақты, химиялық және радиацияға төзімді полимерлерді жасау бойынша халықаралық жобаға қатысты. 95-тен астам ғылыми мақалалар жариялады. Университетімізде 1977 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде химия саласы бойынша жүздеген білікті мамандарды дайындады. Бақыт Бегенова әлі күнге дейін студенттерге дәріс оқып, ғылыми жобаларды басқарады. Мерейтой иесін Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев құттықтады. Ол Бақыт Бегенованың кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын, адами қасиеттерін ерекше атап өтті.

«Университетіміздің ПО құрамы салт-дәстүрді сақтайтын жас ғалымдар мен студенттерді тәрбиелейді. Солардың бірі – Бақыт Естекенқызы Бегенова. Ол Ғылымға орасан зор үлес қосты. Өнертабысқа 5 КСРО авторлық куәлігі, 3 ҚР патенті, 8 ҚР инновациялық патенті бар. Бұл біздің профессордың ғылыми ізденістерге терең атсалысқанын көрсетеді», – деді ректор Ербол Исақаев.

Бақыт Бегенова конференцияны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға, сонымен қатар туған факультеті мен университет ұжымына алғысын білдірді: «Ұстаздық пен ғылым бұл -өмірлік жол. Сондықтан шәкірттерім лайықты, табысты тұлға болып шыққанына қуаныштымын!Олардың көпшілігі бүгінде университетімізде жұмыс істейді.Осындай тамаша шараның ұйымдастырушыларына алғыс айтамын!». Конференцияға барлығы 116 ғылыми мақала жіберілді: Мәскеу, Ташкент,Анкара және  т.б. 

Секциялық отырыстар химия, биологиялық жүйелер, экологиялық-географиялық зерттеулер, информатика, математика және физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелеріне арналды. Сондай-ақ, шара барысында СҚО Аққайың ауданы Григорьев ауылдық округінің («Симаргл» ЖШС) МЖҒФ факультетінің үздік студенті Карина Армиенова академик У.М. Ахмедсафин ат. 100 мың теңгелік шәкіртақыға ие болды. Жаратылыстану және нақты ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауы мен олимпиадасының жеңімпаздары, жүлдегерлері ҚР ҒЖБМ дипломдарына ие болды.

11.04.2025