Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Ғылым қызметкерлері күніне арналған марапаттар

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен Ғылыми кеңес отырысында Қозыбаев университетінің ғалымдарын, ПОҚ пен қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Көп жылғы мінсіз еңбегі, ғылым саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлаудағы жетістіктері үшін «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісін «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының еңбек сіңірген профессоры Александр Владимирович Никифоров алды.

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін география және экология кафедрасының доценті Салтанат Исмағұлова және «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Дмитрий Кузьменко иеленді.

Ғылым, техника, технология және инновация саласындағы елеулі жетістіктері үшін, сондай-ақ, ғылыми кадрларды тәрбиелеудегі сіңірген еңбегі үшін «Ғылым үздігі» құрмет грамотасымен «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының еңбек сіңірген профессоры Бимақанова Зылыйха Шахметовна марапатталды.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» құрмет грамотасын спорттық-бұқаралық іс-шаралар бөлімінің меңгерушісі Ербол Исатаев алды.

Сонымен қатар, экономика, есеп және қаржы кафедрасының доценті Данияр Байтенізов пен көлік және машина жасау кафедрасының аға оқытушысы Мадина Шәкіроваға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің құрмет грамотасы табыс етілді.

ҚР ҒЖБМ Алғыс хаттары берілді:

1. Гүлдана Байсейіт- Агрономия және орман шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы;
2. Людмила Гривенная - Қазақстан халқы Ассамблеясының бөлім меңгерушісі;
3. Асель Бектемірова - География және экология кафедрасының аға оқытушысы;
4. Мадина Қоңқарова - Агрономия және орман шаруашылығы кафедрасының оқытушысы;
5. Рахмет Күләйхан - Журналистика және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы;
6. Айса Танақұлова - Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы;
7. Владимир Литвиненко- Коммерцияландыру басқармасының өндірістік байланыстар бөлімінің менеджері.

Іс-шарада әріптестерді философия ғылымдарының докторы PhD академиялық дәрежесінің берілуімен құттықтады: «Математика және физика» кафедрасының аға оқытушысы Оксана Копнова және ТжӘИ ғылыми зерттеулер мен сапа менеджменті бөлімі  директорының орынбасары. Ботагөз Тағудретова марапатталды.

11.04.2025