Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Студенттер арасында киберқылмыстың алдын алу форумы өтті

Солтүстік Қазақстан облысының Экономикалық тергеу департаменті Қозыбаев университетімен бірлесіп, студенттерге қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша форум ұйымдастырды.Білім алушыларға алаяқтық әрекеттердің алдын алу және соңғы жылдары саны айтарлықтай өскен киберқылмыстардан қорғану жолдары айтылды. Қаржы пирамидасы тақырыбына ерекше көңіл бөлінді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов сандық технологиялардың көмегімен жасалатын қылмыстардың артып келе жатқанына баса назар аударды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭТД басшысы Виктория Алпеева мұндай іс-шаралар негізінен жастарға бағытталғанын, ақпараттың жеткіліксіздігінен олар жиі тәуекелге ұшырайтынын атап өтті.Сондықтан, жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қылмыстық алаяқтықтан сақтандыру, өзекті міндеттердің бірі болып қала береді. Соңында жүргізілген тестілеу, білім алушыларға,  қаржылық қауіпсіздік бағдарламасын сәтті аяқтағаны туралы сертификат алуға мүмкіндік берді.

11.04.2025