ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу шеңберінде: «Вейвлет-технологияларды пайдалана отырып биомедициналық сигналдарды қабылдау және беру үшін аппараттық-бағдарламалық Wi-Fi интерфейсін әзірлеу», Қозыбаев университетінің «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының доценттері Юлия Герасимова мен Саят Молдахметов Куала-Лумпур қаласында орналасқан Малайзия мемлекеттік зерттеу университетіне барды.Біздің ғалымдарды компьютерлік технологиялар факультетінің қызметкерлері жылы қарсы алды.
Олар бірлескен ғылыми жобаларға ғана емес,сонымен қатар, студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниет білдірді. Малайзия мемлекеттік университетінің басшылығы да жоғары білім саласындағы ынтымақтастық пен байланыстарды одан әрі нығайтуға ұмтылады.