Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Hurricane Startup Challenge 2025» байқауының финалы

Университетте «Hurricane Startup Challenge 2025» студенттер мен оқушылар арасындағы облыстық стартап жобалар байқауы аяқталды. Бұл іс-шара жас инноваторлар үшін керемет алаңға айналды!

Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша финалға 20 жоба өтті. Оның 3-і жеңімпаз атанып, әрқайсысына 150 мың теңге, 2-орынға 100 мың теңге, үшінші орынға 75 мың теңге сыйақы берілді.

«IT және Робототехника» номинациясы бойынша:
1 орын: Назарбаев зияткерлік мектебінің «DeFire» тобы: Ғалымжан Арсен, Мұхамеджанов Алмас.
2 орын: Мамлют мектеп-гимназиясы «FocusBand-AI» қатысушысы: Хализова Кира.
3 орын: Назарбаев зияткерлік мектебінің «Полиглот» командасы: Исакаев Асанәлі, Иманов Тимур.

«Қызметтер (білім, медицина, экология, мәдениет, туризм және т.б.)» номинациясы бойынша:
1орын: Назарбаев зияткерлік мектебінің «AInetics» тобы: Қабиден Азат, Шерстобитов Александр.
2 орын: №1 Арнайы мектеп-интернатының «Ликвидатор» қатысушысы: Хамитов Батырхан.
3 орын: Қозыбаев университетінің «Шал Ақын аймағындағы экотуризмді дамыту» командасы: Шнайдер Руслан, Фаст Фрида

«Өндіріс (машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, су шаруашылығы және т.б.)» номинациясында:
1 орын: Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының «ЖЭС шлактарын қайта өңдеу» қатысушысы: Бейсембаева Аружан
2 орын: Қозыбаев университетінің «Zophobas morio дернәсілдерін пайдалану» қатысушысы: Жұмабек Қасиет
3 орын: Мұрат Айтхожин атындағы №1 Орта мектеп «Дәнді дақылдарды жинауға арналған жылжымалы робототехникалық кешен» тобында: Рыженков Антон, Ларионов Денис, Болотников Сергей.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Демеушілік көмек үшін серіктестерімізге: Raduga ЖШС, «Avagro» ЖШС, «Forte Bank» АҚ және СҚО Рестораторлар мен Отельерлер қауымдастығына алғысымызды білдіреміз!

21.04.2025