Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІМЕН ҒЫЛЫМИ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Қозыбаев университетінің ұжымы АҚШ-тың Аризона университетінде болды. Ресми сапар Министрліктің халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, отандық жоғары білімді әлемдік академиялық кеңістікке интеграциялауға және еліміздің тұрақты дамуының басымдықтарына сәйкес келетін ғылыми бастамаларды ілгерілетуге арналған стратегиялық бағыттың бір бөлігі болды.

Қозыбаев университеті мен Аризона университеті арасындағы ынтымақтастық 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Америка университетінің алғашқы шетелдік филиалы ашылған кезде басталды. Бұл қадам ұлттық жоғары білім беру жүйесі үшін маңызды кезеңге айналып, халықаралық академиялық қоғамдастыққа интеграцияланудың жаңа көкжиектерін ашты.

Делегация құрамында Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев бастаған Қозыбаев университетінің өкілдері, сондай-ақ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Абай Рахмет болды. Сапар барысында қос дипломдық бағдарламаларды әзірлеу, білім беру және ғылыми технологияларды трансферлеуге және   академиялық алмасу мен ғылыми тағылымдамадан өтудің жаңа форматтарын қалыптастыруға баса назар аударылды.

Бағдарлама Аризона университетінің басшылығымен ресми кездесу, жұмыс кеңестерімен басталды. Делегацияны халықаралық істер жөніндегі вице-президенті Дженни Ли, Орталық және Оңтүстік Азия мәселелерінің аға директоры Рикки Салазар және университеттің жетекші профессорлары қарсы алды.

Қозыбаев университеті жанындағы Агроқұзыреттілік орталығының бірлескен жобаларын талқылауға ерекше назар аударылды – өсімдік, мал шаруашылығы, су ресурстарын басқару және заманауи агротехнологиялардағы геномдық зерттеулерді біріктіретін пәнаралық платформа. Орталық ғылым, білім және  бидайдың төзімді сорттарын өсіру, биоалуантүрлілікті сақтау, озық технологияларды трансферлеу және ауыл шаруашылығы зерттеушілерінің жаңа буынын дайындау жобаларын жүзеге асыруға бағытталған. Орталықтың негізгі серіктестері -Аризона геномика институты (AGI) және Сауд Арабиясындағы KAUST университеті. Қос дипломдық бағдарлама бойынша оқитын биотехнология мамандығының 2-3 студенттерін геномдық селекция және биоинформатика бағыттары бойынша екі ай мерзімге KAUST қысқа мерзімді тағылымдамадан өтуге жіберу жоспарланып отыр.

Қозыбаев университеті мен Аризона университеті арасында медицина және бизнес салаларындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын кеңейту бағытында екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл рәсім Саясат Нұрбектің қатысуымен өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің дәлелі болды. Сондай-ақ, министрге Қозыбаев университетінің басым бағыттары бойынша ғылыми орталықтарды дамыту туралы төрт баяндама ұсынылды: су ресурстарын басқару, ветеринария, өңірлердің ауыл шаруашылығы консорциумы және тұрақты агробиотехнология.

Әлемге әйгілі ғалым, профессор Джеффри Пьюн өзінің ғылыми-зерттеу тобымен бірге жүргізген күкірт полимерлерін жасау және қолдану жобасының ғылыми тұсаукесеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға мұнай-химия және тау-кен өнеркәсібінің жанама өнімі – қайта өңделген күкірт негізіндегі жоғары тиімді материалдарды өндірудің инновациялық технологиясы көрсетілді. Қазақстанның дамыған өнеркәсіптік базасы мен құрамында күкірт қалдықтарының үлкен көлемін ескере отырып, осыған ұқсас бастамаларды жүзеге асыруға елеулі әлеуеті бар. Бұл ресурстарды экологиялық таза технологиялар шеңберінде пайдалану «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы міндеттеріне сай тұрақты өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сапар барысында Аризона университетінің зерттеу инфрақұрылымымен, соның ішінде Геномика институты мен Ауыл шаруашылығын ғылыми-зерттеу орталығына экскурсия жасалды. Қазақстандық мамандарды даярлау, ғылыми тағылымдамадан өту және біліктілігін арттыру арқылы ынтымақтастық пен оқытудың нақты бағыттары талқыланды.

22.04.2025