Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Мектеп оқушылары білімдерін тексерді

Жер күні аясында университетте алғаш рет белгілі өлкетанушы және педагог В.Н. Яворскаяны еске алуға арналған  «Дорогое моё Приишимье» облыстық өлкетану олимпиадасы ұйымдастырылды. Зияткерлік сайыс Солтүстік Қазақстан облысының қала мен аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында өтті. 
Оған облысымыздың 9 ауданы мен Петропавл қаласынан барлығы 55-ке жуық оқушы қатысты.

Шара балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтауға, туған өлкенің географиясын зерттеуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыруға, өлкетану білімін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Олимпиада облыстың әкімшілік-аумақтық бөлінісі және оның физикалық-географиялық сипаттамасы бөлімдерінен құрылды. Балалар 2 сағат бойы теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады.

22.04.2025