Білім алушыларымыз Enactus Kazakhstan National Expo 2025 мектеп және студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялар ұлттық кубогында 2 орынға ие болды!
Астанада жыл сайынғы халықаралық ENACTUS бағдарламасына қатысушылардың жобалық жұмыстарының нәтижелерінің ұлттық көрмесі өтті. Бұл студенттердің кәсіпкерлік саласындағы маңызды алаңы болып табылады. Enactus Kazakhstan National Expo байқау алаңында университет және колледж студенттері, сондай-ақ, мектеп оқушылары әлеуметтік-кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық жобаларын ұсынды. Барлығы 25-тен астам ЖОО командасы қатысты.Enactus Қозыбаев белсенділері университетімізде бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Екі жыл бұрын олар ел кубогының жеңімпазы атанды.
Іс-шарада біздің студенттер қайта өңделген материалдар арқылы жасалған әмбебап модульдік қуат «PowerNode» инновациялық жобасын таныстырды. Ауыстырылатын және қосылатын модульдер жүйесінің арқасында PowerNode кез келген смартфонды, мамандандырылған құрылғыларды қуаттандыруға бейімделген.
Жоба қорғаушылар бұл құрылғыны «Ақылды, экологиялық таза әрі қуатты» деп атайды. Жобаны білікті қазылар алқасы лайықты бағалап, біздің команданы 2-орынмен марапаттады! Жүлде қоры 500 мың теңгені құрайды. Enactus Қозыбаев тобын тамаша нәтижемен құттықтаймыз! Жаңа жобаларыңызды одан әрі дамытып, жүзеге асырыңыздар. Тек алға!