Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Интерактивті бейнежазба студиясы

Оқу-зертхана ғимаратында жоғары сапалы контент шығаруға арналған  интерактивті бейнежазба студиясы ашылды. Заманауи кешен сапалы бейнеконтент жасап, онлайн дәрістер мен семинарларды және т.б өткізуге арналған. Мультимедиялық студия конференцияларды, семинарларды, форумдарды жаңа форматта өткізуге мүмкіндік беретін интерактивті тақтамен және басқа да кәсіби техникалық құралдармен жабдықталған. Мұндағы инновациялық жарықдиодты led-тақтасы мен монтажсыз бағдарламалық жасақтаманың арқасында кәсіби деңгейде контент жасауға болады. Кәсіби жарықтандыру, аудио және жылжымалы бейне жабдық студия қабырғаларында ғана емес, сонымен қатар, қашықтықтан оқыту сабақтарында пайдалануға жағдай жасайды. 4K камералары, Smart Touch Board және Led Board функциялары бар гибридті интерактивті панель, телесуфлер, хромакей, микрофондар және басқа да кәсіби жабдықтар мазмұнның сапасын айтарлықтай жақсартады.

Бейнестудия оқытушыларға бейне-сабақтарды, біліктілікті арттыру курстарын, презентациялық бағдарламаларды дайындауға және өз сабақтарын жоғары технологиялық деңгейде өткізуге арналған сандық зертхананы ұсынады. Бұл кеңістік студенттердің шығармашылық дамуына көмектеседі. Мұнда балалар әлеуметтік желілерге подкасттар жаза алады. Журналистика және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының студенттері үшін жаңа студия практикалық дағдыларды шыңдайтын орынға айналады. 

«Қазіргі таңда онлайн оқыту қарқынды дамып келеді. Біз өз әріптестерімізді: өңіріміз үшін жақсы, пайдалы креативті контент жасау мақсатында облыстық білім беру жүйесінің, Шығармашылық индустрия орталығының өкілдерін, журналистерді, блогерлерді шақырамыз.Бұл студенттердің оқу үдерісіне қатысуын арттыру және сапалы контент жасауға ықпал етеді. Әсіресе, оқытушылар үшін цифрлық технологиялар арқылы студенттермен қарым-қатынас жасау үшін өте құнды құрал»,-деді Басқарма Төрағасы- Ректор Ербол Исақаев.

Қазіргі таңда оқытушыларымыз Cousera платформасы үшін онлайн курстарды жазуды бастады және осы орайда  жаңа интерактивті студия үлкен септігін тигізеді.

02.05.2025