Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Агрожобалар жаңа деңгейге шығады

Бүгін университет қабырғасында негізгі стратегиялық серіктестеріміздің бірі Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің делегациясын қарсы алдық. Университет басшылығымен кездесу барысында профессор Джан Дженгмао айтуынша сапардың  негізгі мақсаты «далалық жұмыс» болып табылады. Бірлескен Агротехнопаркте тәжірибе жасап, селекциялық бағыттағы іс-шараларды жалғастырып, бұрын бірге егілген алқапты аралау жоспарланған.

«Соңғы 8 жылда біздің университеттер арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсті.   Қытайдың Шэньси провинциясы мен Солтүстік Қазақстан облысы өзара достық шеңберінде қарым-қатынас құрған аймақтар. Бұл ынтымақтастықты одан әрі өркендетуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде бірлескен демонстрация алаңы бар, студенттермен алмасу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Біздің міндетіміз - ауылшаруашылық, су шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту болмақ»,- деп атап өтті профессор Джан Дженгмао.

ЖОО-ға «Бір белдеу, бір жол» бастамасы ауылшаруашылық орталығының директоры, профессор Чен Лянг және Шэньси радио және теледидар медиа тобы да келді.

«Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин қолдаған Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынастың арқасында, біз ғылыммен бірлесе айналысуға, тәжірибе алмасуға және университеттерімізбен достасуға мүмкіндік алдық. Өткен жылы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Шэньси провинциясының губернаторымен кездесу өткізіп, біз ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Ал ҒЖБ министрі Саясат Нұрбек  ынтымақтастығымызды әрі қарай  дамыту болйынша,  бірлескен зерттеулерге әрқашан қызығушылық танытып қолдайды. Қазіргі таңда біз Қозыбаев университетінің базасында өңірдегі кәсіпорындарға ғылыми жобалардың негізінде көмек көрсететін Қазақстан-Қытай агроқұзырлылық орталығын құру бастамасын көтеріп жатырмыз. Зерттеу жұмыстары да олардың қажеттіліктеріне қарай іске асады. Осындай үшжақты ғылыми жобалардың нәтижелері (Қозыбаев университеті- СБОАШУ– агрокәсіпорындар ) өндіріске енгізілетін болады»,- деді Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев.

Қазіргі таңда өсімдіктер биотехнологиясы және мал шаруашылығы бойынша бірлескен зертханаларда, вируссыз тұқым шаруашылығы мен генетика бойынша зерттеулер жүргізіледі. Аризона университетімен су ресурстары орталығын құру туралы үш жақты келісімге қол қойылды. Жыл сайын біздің студенттер мен оқытушылар Қытайда тағылымдамадан өтеді. Бүгінде СБАОШУ –де біздің екі оқытушымыз докторантурада, екі білім алушы академиялық ұтқырлық бойынша оқиды, ал алты қытайлық магистрант біздің ЖОО-да білім алады. Ынтымақтастық кезеңінде Солтүстік Қазақстан университетінің 30-дан астам студенті мен 10 оқытушысы ҚХР-дағы серіктес ЖОО базасында тағылымдамадан өтті.

19.05.2025