Қозыбаев университеті екі күндік мансап алаңына айналды. Осы аптада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ИСТФ және АФ төртінші курс студенттері үшін өткізілді. Дәстүрлі шара көптеген түлектерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін іздеуге септігін тигізеді. Жұмыс берушілермен бетпе-бет кездесуге мүмкіндік беретін іс-шарада түлектерге ақпараттық– түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 300-ден астам студент аймақтағы кәсіпорындармен жақынырақ танысып, жұмысқа орналасу жағдайлары, мамандарға қойылатын талаптар, жалақы және еңбек жағдайлары туралы ақпарат алды.
Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова атап өткендей, біздің студенттеріміз тек Қазақстанда ғана емес, Польша, Германия сияқты елдерде тәжірибеден өтіп, еңбек нарығындағы сұранысын арттырды, сонымен қатар, түлектеріміздің жұмысқа орналасу көрсеткіші 85,5% құрайды. Бос орындар жәрмеңкесіне СҚО мен Алматы қаласынан барлығы 30-ға жуық жұмыс беруші қатысты. Олар қызығушылық танытқан жастарға ұсыныстарын айтты.