Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбеновтің сапары

Қозыбаев университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті Мұрат Әбенов келді. Осы жолы университет серіктестерімен бірлесе отырып, коммерцияланған және гранттар аясында жүзеге асырылған ғылыми жобалар ұсынылды.

Солардың бірі хлорелла микробалдырларын пайдалана отырып, су қоймаларын қалпына келтіру бойынша қызмет жасайтын- «Су ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС. Орталық М.Қозыбаев атындағы СҚУ базасында орналасқан. Мұнда ғалымдарымыз жұмыс істейді, студенттер тәжірибелік дағдыларын меңгереді.

Бұл орталықтың қызметі:
1) суды әртүрлі мақсатта тазарту әдістері мен модульдерін таңдау
2) су қоймалары мен тазарту құрылыстарын биологиялық оңалту

Ғалымдар төменде берілген нәтижелерге қол жеткізді:
• Chlorella vulgaris SKO микробалдырларының патенттелген жеке штаммын жасадық. Оның өндірісі жылына 600 тоннаны құрайды.
• Петропавл, Қостанай, Шымкент қалаларындағы биологиялық қалпына келтірілген қойма тоғандары іске қосылды. Соның арқасында су қоймасынан жағымсыз иіс азайып, су сапасы жақсарды. Сондай-ақ, зоопланктондар өсіп , балық белсенділігі артты.
• Өзіміздің хлорелла арқылы беткі және ағынды суларды тазалау әдісіне арналған республикалық стандарт әзірленді.
• Көміртегінің орнын толтыру тұжырымдамасын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі бекітті
• Өзін-өзі қамтамасыз ететін декарбонизация және ағынды суларды тазарту технологиясы бойынша жоба БҰҰ-ның Жаһандық таза технологиялар инновациялық бағдарламасында GCIP жүлдесін жеңіп алды.
• Судан алынған роялти 10%

Қозыбаев университеті мен «СК Протеин» ЖШС ірі қара мал мен жылқы терісін және ақуызы жоғары жемдік қоспаға қайта өңдеу технологиясын коммерцияландыру бойынша сәтті жоба жүзеге асты. Жоба шамамен 350 миллион теңгеге «Ғылым қоры» АҚ гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы болып табылады. Авторы – АФ азық-түлік қауіпсіздігі кафедрасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ақан Жүнісов.

Бүгінде елімізде ақуыз тапшылығы байқалады. Оның үстіне Қазақстанның ет өндірісінде ірі қара мен жылқы терісінің негізгі бөлігі, талап етілмеген күйінде қалып жатады.

Ғалымдарымыз жоба бойынша не ұсынды?
- терілерді қайта өңдеу және олардың құрамында 82% ақуызы бар жемдік қоспаға айналдыру процесі
- жаппай өндірісті іске қосу
- протеиннен алынған роялти 4%

 Бұл процесс қалай құрылымдалған?
1. Теріні кептіру және тазалау, дән мөлшеріне дейін ұсақтау
2. қалған шаш жабынын қайта кептіру және қағу
3. термо өңдеу арқылы зиянды бактерияларды жою
4. ұнтақ және түйіршіктелген күйінде дайын өнімді шығару

Алынған өнімді «Алматы технологиялық университеті» АҚ зерттеді. Азық қоспасы экологиялық таза.

Артықшылығы неде?
Сынақ көрсеткіштері бойынша ақуызды азық алған бройлер тауықтары салмақ бойынша бақылау тобындағы құрдастарынан 20-22%-ға айтарлықтай асып түсті.

Кәсіпорын басшысы, «СК Протеин» ЖШС дамыту жөніндегі директоры Айкенов Асылбек Назымбекұлына тығыз және нәтижелі ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз.

Мұрат Абдұламитұлы Университеттің ғылыми жобаларымен танысып, «Серпін» бағдарламасының студенттерімен және Serpin Way қатысушыларымен кездесу өткізді. Бүгінде аталмыш бағдарлама бойынша университетте 162 студент білім алады. «Серпін қолдау» орталығы оңтүстік өңірлерден келген балаларды қолдау, бейімдеу және жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған. Студенттер жатақханамен толықтай қамтамасыз етілген.

Сәуір айының басында кәсіптік бағдар беру тобы жеке автобуспен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі 20-дан астам елді мекенді аралап, 6500 шақырымнан астам жолды жүріп өтті. Олар мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, студенттер қалашығы, оқу бағдарламалары, Қозыбаев университетінің жетістіктері туралы әңгімеледі. Бұл жағымды естеліктерге толы сапап болды. Студенттер командада жұмыс істеудің жаңа тәжірибесін меңгерді.

Шәкірттерімізге көңіл бөлгені үшін Мұрат Абдұламитұлына алғысымыз шексіз! Олар әрқашан шынайы қолдауды сезінеді! «Серпін» жобасын бірге жаңа деңгейге көтереміз деп үміттенемін!

Қозыбаев университетінде бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылады?
- «Серпін қолдау» орталығының мамандары әр студентпен оқуға қабылданған сәттен бастап жеке жұмыс жүргізеді.
- оқу орнын бітіргеннен кейін бағдарлама түлектері жатақханамен қамтамасыз етіледі. Бұл оларға баспана мәселесін шешуге көмектеседі.
- дуальды оқытуды, тағылымдамадан өтуді және түлектерді жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру үшін университет облыстағы ірі жұмыс берушілермен 300-ден астам келісім-шарт жасасты.

Біз «Серпін» бағдарламасы бойынша балаларды қолдауға, оларды оқытуға, жұмысқа орналастыруға және Солтүстік Қазақстан облысындағы бастамаларға барынша белсенді қатысуға дайынбыз.

26.05.2025