Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Талантливые школьники СКО получили приглашения в Kozybayev University

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Республикалық пәндік олимпиаданың, сондай-ақ халықаралық және республикалық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарымен кездесті. Оған 30 мектеп оқушысы қатысты. Өңір басшысы балалардың жетістіктерін атап өтіп, дарынды оқушыларға қолдау білдірді.

Қатысқан барлық білім алушыға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университетінің қос дипломдық бағдарламалары бойынша оқуға шақыру қағаздары табыс етілді.Биыл Аризона университетімен бірлескен бағдарламаларға 400 квота гранты бөлінеді. Біздің бағдарламалар  биотехнология, ақпараттық жүйелер, инклюзивті педагогика бағыттарын қамтиды. Дәл осы салаларда елімізге заманауи, сауатты, шығармашыл мамандар қажет.

Бүгінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен бағдарламалар белсенді түрде дамып келеді. Мектеп оқушылары ашық диалог форматында аймақ басшысына өз сұрақтарын қойып, жоспарларымен бөлісті. Алдағы оқу жылында оқушыларды студенттеріміздің қатарынан көреміз деп үміттенеміз. Қозыбаев университеті сіздерді күтеді!

28.05.2025