Сөздәйектер галереясы
Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Ақансері Қорамсаұлы
Қозыбаев университетінің ұжымында +1 PhD докторы
География және экология кафедрасының аға оқытушысы Асель Бектемирова «География» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алды!
«Антропогендік әсер ету жағдайында Тобыл өзені алабының геожүйелерінің динамикасы: ҚР аумағында» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Асель Амангелдіқызы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторантурасында оқыды.Ол Қозыбаев университетінде 8 жылдан астам жұмыс істейді. Антропогендік факторлардың әсерінен ландшафттардың жұмыс істеу және өзгеру ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстарды жүргізеді.
Асель Бектемированы шын жүректен құттықтаймыз! Сізге ғылыми жолыңызда жаңа биік белестер тілейміз!
31.05.2025