Қозыбаев университетінің жас қызметкерлері мен оқытушылары Президенттік жастар кадрлық резервінің қызметі туралы толық ақпарат алды.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Асқар Баймұқанов ПЖКР-ке қатысу тәжірибесімен бөлісіп, іріктеу шарттарымен таныстырды.
«Президенттік жастар кадрлық резерві Мемлекет басшысының бастамасымен құрылды. Ол мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға үлес қоса алатын ең дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тартуға арналған. Биыл 4-ші іріктеу өткізіліп жатыр. Биылғы жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін үміткерлерден құжаттар қабылдау жүргізіледі. Мына салалық бағыттарды қамтиды: ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, әлеуметтік, инвестициялық, цифрландыру, экономика бойынша биылғы жылы резервке 50 адам алынады»,- деді Асқар Баймұқанов.
5 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген Қазақстан азаматтары қатыса алады. Президенттік жастар кадрлық резерві белсенді және жоғары кәсіби жастардың мүмкіндіктерін кеңейтеді, оларды мемлекеттік басқару мәселелеріне тартады. Резервтер мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалуы мүмкін.