Қозыбаев университетінің Халықаралық кампусының қызметкерлері тәжірибеден өту үшін Түркияға жіберілді.Бұл жолы қауымдастырылған профессоры Гүлнар Ким мен аға оқытушы Владислав Семенюк Сакарья университетінде халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.
Олар Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарындағы патогендердің қызметін белсенділігін нақты уақыт режимінде анықтау және болжау үшін интеллектуалды IoT жүйесін әзірлеу саласында зерттеулер жүргізеді. Бұл жүйе биосенсорларды , ағынды өңдеу жүйесін, Machine Vision модулін (Apache Spark) және NestJS және Nuxt.js арқылы нақты уақыттағы визуализацияның көмегімен патогендерді мерзімінен бұрын анықтау үшін әзірленеді.