Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығына 65 жыл!

Биыл біз айтулы мерейтой — дене шынықтыру және спорт мамандығының 65 жылдығын атап өттік. 1959 жылдан бастап дене шынықтыру кафедрасы (ол кездегі Петропавл педагогикалық институты) болашақ оқытушылар мен жаттықтырушыларды даярлай бастады. Осы жылдар ішінде университет 4000-нан астам кәсіби мамандарды, оның ішінде 500-ден астам жоғары білікті спортшыларды дайындады.

Біздің түлектер университеттің даңқын  асқақтатып жүр:
-ҚР және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері,
-Халықаралық санаттағы төрешілер,
-Ұлттық Олимпиада комитетінің мүшелері,
-Ұлттық құрамалардың жаттықтырушылары,
-Спорт мектептері мен оқу орындарының басшылары.

Біз мамандықтың үздік түлектерімен мақтанамыз:
• Жарасбаев Серік Маратұлы – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі
• Винокуров Александр Николаевич – Олимпиада чемпионы (2012 ж.)
• Герлиц Александр Александрович – ҚР Паралимпиада құрамасының капитаны, 2022 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері
• Шакшабаев Вадим Шамильевич – конькимен жүгіруден сегіз дүркін әлем рекордшысы
• Есеналин Руслан Бақыттыұлы – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы
• Бабенко Дмитрий Александрович – конькимен жүгіруден ҚР ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы

Олар спортты өз кәсібі ретінде емес, нағыз өмірлік жұмыс ретінде таңдап, артынан ерген шәкірттерді жаңа биіктерге жетуге шабыттандырады! Бұл мерейтой еліміздегі спорттың дамуына жан-жақты үлестерін қосып жүрген «Дене шынықтыру және спорт » кафедрасының ұстаздарына алғыс айту мүмкіндігі. Мерекелік кеште кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ректордың мақтау қағаздарымен және алғысымен марапатталды.

ПФ студенттері, белсенді спортшылар шығармашылық өнерлерін ұсынды. Университет басшылығы мен серіктестері, спорт ардагерлері, түлектер өз құттықтауларын білдірді.

Барлық қатысушыларды осы маңызды күнмен құттықтаймыз! «Дене шынықтыру және спорт» бөлімі мықты, төзімді, мақсатты тұлғаларды тәрбиелеуді жалғастыра берсін!

23.06.2025