Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдері

Қозыбаев университетінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби деңгейін арттыру мақсатында «Оқыту стратегиясы, оқыту және бағалау» атты өзекті тақырыпта біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.

Дәрісті Астана IT университетінің бірінші проректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев және Астана IT университетінің Стратегия және корпоративтік басқару департаментінің директоры, PhD докторы Әділ Файзуллин жүргізді.Курс тақырыптары университеттердің академиялық және басқарушылық дербестігі аясында академиялық саясаттың өзекті мәселелерін, оқу мен оқытудың инновациялық стратегияларын, оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін қамтыды. Қолданбалы дағдыларды дамытуға бағытталған практикалық сабақтар өткізілді.

Тренинг барысында тыңдаушылар заманауи әдістермен танысып, нормативтік базадағы өзгерістерді талқылап, өзара тәжірибе алмасты.Нәтижесінде қатысушылар бағдарламаны меңгергендігін растайтын біліктілікті арттыру сертификаттарына ие болды. Мұндай курс қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігі мен университеттің сапасын арттыруға ықпал етеді.

23.06.2025