"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.

Ш.Айтматов

Биыл алғашқы болып Педагогикалық факультеттің түлектері дипломдарын алды

Марапаттау рәсіміне оқытушылық құрам мен ата-аналар жиналды. Енді жас мамандар кәсіби дамудың жолын бастап, үлкен өмірге қадам басты. Алдымен білім алушылар ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жолдаған үндеуін тыңдады. Сондай-ақ, факультет деканы, кафедра меңгерушілері, эдвайзерлер мен оқытушылар, жұмыс берушілер де құттықтау тілектерін жеткізді.

Биылғы жылы педагогикалық факультетті барлығы 196 бакалавр және 15 магистр бітірді. Олардың қатарында халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атақты спортшылар, әлемге әйгілі Sensitive би ансамблінің әртістері, олимпиадалардың, шығармашылық және ғылыми байқаулардың жеңімпаздары, Президент шәкіртақысының иегерлері бар.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында алған білімдеріңіз болашақта үлкен жетістіктер әкелсін! Құрметті түлектер, сәттілік тілейміз!

07.07.2025