Қозыбаев университетінде MBA бағдарламасының алғашқы түлектері оқуларын аяқтады! 14 түлек көптен күткен дипломдарын алды.
2023 жылдан бастап біз Алматы қ. Алматы Менеджмент Университетімен (AlmaU) бірлесіп іскерлік әкімшілендіру магистрлерін дайындаймыз.MBA (master of business administration) – бас менеджерлерді дайындайтын менеджмент саласындағы біліктілік дәрежесі. Бағдарлама қазақстандық нарық жағдайына бейімделген. Ол заманауи басқарушылық білім мен дағдыларды игеруге, бизнес ортада тиімді стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.Қатысушылар кәсіби өсіп, екі жылда бірлескен қос дипломдық бағдарлама сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Бұл осы бағдарламаның аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен (АРТА) 5 жыл мерзімге аккредитациядан өткенін растайды.
Дипломды тапсыру рәсіміне Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркебұлан Мәмбетов, Алматы Менеджмент Университетінің өкілдері, жұмыс берушілер, түлектер мен олардың жақындары қатысты.
Алдымен Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова түлектерді құттықтады: «МВА түлектері– бұл үздіксіз даму, шығармашылық, көшбасшылық және жауапкершілік жолын таңдаған тұлғалар. Бизнесті одан әрі дамыту үшін белгілі бір құзыреттіліктер жиынтығын меңгердіңіздер. Біз сіздермен мақтанамыз. Болашақта дұрыс шешім қабылдап, жобалар жасап, еліміздің өркендеуіне үлес қосасыздар деп сенеміз!».
Оқу барысында магистратура студенттері белсенді кәсіпкерлер ретінде өз өндірістеріне тиісті инновацияларды енгізе алды, бірқатар жобалар мен идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік алды: М.Қозыбаев ат. СҚУ білім нарығын талдау, «Арида-Софт» ЖШС-нің қаржылық моделі әзірленді, Qazaq bilim ordasy оқу орталығының мысалында бастапқы-бизнес құрылды, «КДЛ Олимп»компаниясының бастапқы бизнесі әзірленді және т.б.
«AlmaU мен Қозыбаев университеті арасындағы серіктестік тиімді академиялық байланыстың үлгісі, сонымен қатар жергілікті деңгейде білікті менеджерлерді даярлауға қосқан елеулі үлесі болып табылады. Бұл өз кезегінде бизнестің тиімділігін арттыруға әсер етіп, аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға ынталандырады», - деп атап өтті Алматы Менеджмент Университетінің Орталық және Солтүстік өңірлердегі өкілдігінің директоры Динара Қайралапова.
Түлектер бағдарламаны сәтті аяқтады. Құттықтаймыз! Алда жаңа жобаларға табыс тілейміз!