"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар.

Сырым Датұлы

Профессор Дмитрий Бериллоның жетістіктері республикалық деңгейде мойындалды

Қозыбаев университеті Агроқұзыреттілік орталығының су ресурстары жөніндегі ғылыми үйлестірушісі, профессор Дмитрий Берилло Web of Science деректері бойынша 2020-2024 жылдар аралығындағы Қазақстанның химия ғылымдары саласында ең көп сілтеме келтірілген ғалымдар рейтингінде 38-орынды иеленді!

Бұл тізімге Web of Science және Scopus-те индекстелген жоғары рейтингті журналдарда ең көп мақалалар мен шолулар жариялаған ғалымдар кіреді.Профессор Бериллоның ғылыми жетістігі- университетімізде жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін көрсететін маңызды нәтиже. Оның, суды тазарту бойынша шешімдер әзірлеу, нанотехнология және тұрақты даму саласындағы жұмыстары халықаралық ғылыми қоғамдастықта кең танылды.

Дмитрий Берилло 100-ден астам жаңа әлеуетті фармацевтикалық белсенді қосылыстарды синтездеп оларға, егжей-тегжейлі сипаттама берді. Сонымен қатар, кейбіреулері үшін дәрі-дәрмектерді жеткізу жүйесі әзірленді. ҚР 9 патентінің авторы. Импакт-факторы бар халықаралық журналдарда 40-тан астам ғылыми жарияланымдары бар (Хирш индексі 25). Дмитрий Александровичті маңызды ғылыми жетістігімен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми жаңалықтарға шабыт тілейміз!

14.07.2025