Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Университетіміздің түлегі Никита Изотов халықаралық жарыстарда үздіктер қатарынан көрінді!

Спортшымызды жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз!⠀Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир Алматыдағы, Олимпиадалық дайындық орталығында өтті. Биылғы жылы жарысқа әлемнің 17 елінен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Үндістан және т.б 200-ден астам мықты спортшылары қатысты.⠀

Турнир World Athletics Continental Tour Bronze Level беделді сериясына кіреді және ірі халықаралық — Азия, Әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.⠀

Қазақстан құрамасында Қозыбаев университетінің түлегі Никита Изотов лайықты өнер көрсетіп, 800 метр қашықтықта 1:53,97сек. көрсеткішпен қола жүлдені жеңіп алды. Бұл нәтиже- табандылықтың, еңбекқорлықтың және жоғары дайындықтың дәлелі.

Жоғары оқу орнымыздың түлектері оқу мен ғылымда биік белестерді бағындырып,  халықаралық аренада лайықты өнер көрсетіп келеді. Никита Изотов спорт жолында қарқынды дамуды жалғастырады.

04.08.2025