ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен Шайкина Динара Нұрланқызына «Биология ғылымдары» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Динара Нұрланқызы- университетіміздің түлегі. Кәсіби еңбек жолын университетте – «Биология» кафедрасында бастап, бүгінде білім мен ғылымның дамуына зор үлес қосып келеді.
Қызмет барысында ғылыми-әдістемелік жұмыстар атқарды:
-40-тан астам ғылыми мақалалар жарияланды, оның ішінде:
-Scopus-те индекстелген халықаралық журналдардағы 2 мақала;
-КОКСОН тізіміне енгізілген басылымдардағы 8 жарияланым;
-3 монография дайындалды,
-1 электронды оқулық шығарылды,
-бірлескен 4 оқу-әдістемелік құрал әзірленді.
Динара Шайкинаның ғылыми қызығушылығы– адам өмірінің сапасы.Сондай-ақ өңірлік дамудың негізгі бағыттары бойынша гранттық зерттеулерге қатысты:
- «Петропавл қаласының 2015 жылға дейінгі Даму стратегиясы»;
- «Солтүстік Қазақстан облысының мысалын пайдалана отырып, шағын қалалардың әлеуетін кешенді бағалау және талдау критерийлерін әзірлеу».
Динара Нұрланқызын ғылыми жолындағы маңызды жетістігімен құттықтаймыз!