"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу - мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей.

Мұхамбет пайғамбар

Грант иегерлерін құттықтаймыз!

Қозыбаев университеті мемлекеттік білім грантының иегері атанған барлық талапкерлерді құттықтайды! Білім мен табандылығыңыздың арқасында маңызды сынақтан өтіп, тегін білім алуға мүмкіндік алдыңыздар.

Бұл сіздер үшін маңызды қадам! Әрқайсыңызға шабыт, сенімділік тілейміз! Жоғары оқу орны сіздерге жақсы жаңалықтар мен жаңа жетістіктер, жарқын естеліктер сыйласын. Сапалы білімге, халықаралық мүмкіндіктерге, ғылыми зерттеулерге, белсенді студенттік өмірге және жеке әлеуетті дамытуға есік ашатын – Қозыбаев университетіне қош келдіңіздер!

07.08.2025