Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
В.А.Сухомлинский
Грант иегерлерін құттықтаймыз!
Қозыбаев университеті мемлекеттік білім грантының иегері атанған барлық талапкерлерді құттықтайды! Білім мен табандылығыңыздың арқасында маңызды сынақтан өтіп, тегін білім алуға мүмкіндік алдыңыздар.
Бұл сіздер үшін маңызды қадам! Әрқайсыңызға шабыт, сенімділік тілейміз! Жоғары оқу орны сіздерге жақсы жаңалықтар мен жаңа жетістіктер, жарқын естеліктер сыйласын. Сапалы білімге, халықаралық мүмкіндіктерге, ғылыми зерттеулерге, белсенді студенттік өмірге және жеке әлеуетті дамытуға есік ашатын – Қозыбаев университетіне қош келдіңіздер!
07.08.2025
