"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

Аризона университетімен ғылыми серіктестіктің жаңа деңгейі

Аризона университетімен стратегиялық серіктестікті дамыта отырып, біздің университет бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып қана қоймай, тығыз ғылыми ынтымақтастықты да жүзеге асырады. Осы аптада серіктес университеттен микробиология бойынша әлемдегі жетекші сарапшы Чарльз Герба мен палеоклимат маманы Ирина Панюшкина келді.

Агротехнологиялық факультеттің ғалымдарымен бірге американдық профессорлар АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі (USDA FAS) қаржыландыратын үлкен жобаны іске асырады. Ғалымдар СҚО шаруалары пайдаланатын әртүрлі көздерден суару суының сапасын бағалау, суару суындағы микробиологиялық тәуекелдерді анықтау және басқару үшін әдістемелік ұсыныстар мен цифрлық құрал әзірледі. Зерттеу бір жарым жыл бойы жүргізілді.

Сонымен қатар, апта ішінде профессорлар Герба мен Панюшкина ғалымдармен кеңесіп, университеттің ғылым бөлімімен ынтымақтасады, қос диплом бағдарламасының студенттерімен кездеседі. Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бастамасымен Мемлекет басшысы өңірлік қазақстандық университеттерді зерттеу университеттеріне айналдыру міндетін қойды. Аризона университетімен бірлескен жобаларды жүзеге асыру Қозыбаев университетіндегі ғылыми зерттеулерді жаңа деңгейге шығаруға, зерттеулеріміздің халықаралық мәртебесін көтеруге және елдегі агротехнологияларды дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.

27.08.2025