Сөздәйектер галереясы
Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас.
Қозыбаев университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Конституция күніне орай марапатталды
Петропавлда ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті. Еңбегімен, кәсібіне адалдығымен өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Олардың қатарында еңбектері жоғары деңгейде атап өтілген Қозыбаев университетінің өкілдері де бар. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов университет профессоры Клара Атығаеваға «Конституцияға 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті. Бұл жоғары марапат студенттерді жаңа жетістіктерге шабыттандыратын көп жылғы ғылыми-педагогикалық еңбегінің дәлелі.
Білім саласына сіңірген кәсіби еңбегі мен адалдығы үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының доценті Саят Молдахметов марапатталды. Алғыс хатты Академиялық қызмет департамент директоры Майра Валиева, Шаруашылық жұмыс департаментінің директоры Асаджан Данияров және күзетші-вахтер Жанна Шевердина алды. Біз ұстаздарымыз бен әріптестерімізді мақтан тұтамыз.