Сөздәйектер галереясы
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол - нағыз ұстаз.
Америкалық ғалымдар жаһандық экологиялық мәселелер туралы бөлісті
Қозыбаев университетінде Аризона университетінің (АҚШ) ғалымдары – профессор Чарльз Герба мен профессор Ирина Панюшкинаның қатысуымен дәріс өтті. Іс-шараға университет студенттерімен қатар НЗМ және БИЛ білім алушылары қатысты.
Профессор Чарльз Герба – қоршаған орта микробиологиясы саласындағы жетекші әлемдік сарапшы. Ол ауыз судың сапасы, санитария, қоршаған ортадағы қоздырғыштармен күрес және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты негізгі салаларды қамтитын 40 жылдан астам ғылыми қызметіндегі бай тәжірибесімен бөлісті. Дәріс аясында профессор Герба микробиологиялық қауіптерді бақылаудың заманауи әдістерін қолдану туралы айтты.
Дендрохронология маманы, профессор Ирина Панюшкина өткен климаттық жағдайларды қалпына келтіру үшін ағаш сақиналарын талдай отырып, далалық және зертханалық зерттеулер туралы сөз қозғады. Профессор Панюшкина халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісіп, ғалымдар арасындағы жаһандық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Студенттер мен мектеп оқушылары экология саласындағы заманауи сын-қатерлер, климаттың өзгеруі және ғылыми зерттеу әдістеріне байланысты сұрақтар қойды. Профессорлар жас зерттеушілерге өздерінің ғылыми еңбек жолындағы оқиғаларынан және нақты тәжірибеден мысалдар келтірді.