Оқу ордамызда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында студенттер кампусты тазалықта ұстауға тырысады.
«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында «Таза Бейсенбі» акциясына Қозыбаев университетінің 70-тен астам студенті , профессор-оқытушылар құрамымен, «АМАNАТ» партиясының СҚОФ қызметкерлері және Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы қатысты. Олар жатақхана маңын қоқыстардан тазартты.« Білім алушылар студенттік қалашықта сенбіліктер өткізу бастамаларын әрдайым қолдайды. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында жалпы Қазақстан үшін экологиялық білімнің бірыңғай стандартын әзірлеу өте маңызды екенін атап өтті. Ал бүгін біз бұл стандартты тәжірибелік тұрғыдан енгізуге тағы бір қадам жасадық. Мұндай шаралар жастардың экологиялық жауапкершілігін нығайтады»,- деді «АМАNАТ» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.
«Таза Бейсенбі» акциясы өткен жылдың маусым айынан бастап Петропавл қаласы мен жақын аудандарда апта сайын өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде қатысушылар шамамен 150 тонна қоқыс жинады. Науқан ескерткіштер мен жағалау аймақтарында, демалыс орындарында жүргізіледі.