Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Жастарға арналған қаржылық сауаттылық: «Fin IQ» диктантына дайындық
ЖОО- да жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру және «Fin IQ»республикалық қаржы диктантына дайындық бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Оның шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері студенттермен кездесу өткізді.
ҰББ жетекшісі Виктория Алпеева студенттерге алаяқтықтың негізгі схемалары, қаржы пирамидалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ, цифрлық технологиялар мен қаржы әлемінде болып жатқан процестерді түсінуге көмектесетін құнды кеңестермен бөлісті. Жалпы республикалық диктанттың мақсаттары мен міндеттері талқыланды. 500-ге жуық студент іс-шараға жоғары қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысты.
