Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Білім туризмі мен бірлескен зерттеулер – серіктестіктің жаңа бағыты

Біз Ресейдің оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытудамыз. Университетімізге Қорған облысының делегациясы келді. Олардың құрамында, білім және ғылым департаментінің өкілдері, Қорған мемлекеттік университетінің ректоры, колледждер мен техникумдардың директорлары болды. Қонақтар жаңа оқу зертханалық корпустың агротехнология және медицина саласындағы заманауи зертханаларын, бейне жазба студиясы мен Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің қытайлық серіктестерімен бірлесіп ашылған зертханаларын аралады. Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев университеттің қызметі, білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулері, Аризона университетімен ауқымды ынтымақтастық жобасы, халықаралық серіктестіктер туралы бөлісті.

Сондай-ақ, Қозыбаев университетіне жергілікті билік тарапынан жоғары қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов университеттің аймақтық жобаларды ғылыми қолдауына және «Жаңа кәсіптер атласы» аясындағы білім беру бағдарламаларына ерекше тоқталды.Қорған қаласының білім және ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары анықталды:
- студенттер мен оқытушылардың сапарлары мен алмасуы, тағылымдамадан өту;
- бірлескен ҒЗТКЖ;
- зертханалар, ғылыми-зерттеу және инженерлік орталықтар құру;
- технологиялар трансферті және коммерцияландыру;
- білім, ғылым және инновация салаларындағы стратегиялық серіктестікті дамыту.

Қонақтар алдағы уақытта да ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

«Сіздердің ЖОО-ның үлкен артықшылығы – ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен, медициналық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуы болып табылады. Облыстың дамуы үшін ауқымды жұмыс атқарасыздар. Алдағы уақытта, достық қарым-қатынас орнатуға үміттенеміз. Университет басшылығымен , екі тарапты да қатты қызықтыратын білім беру туризмі тұжырымдамасын талқыладық.Сондықтан мұндай сапарлар студенттерді, колледж оқытушыларын және мектеп оқушыларын қызықтырады. Бұл алмасу бізге өз саламыздың кәсіби мамандарын дамытуға мүмкіндік береді»,-деп бөлісті Қорған облысының білім және ғылым департаментінің директоры Андрей Кочеров

10.10.2025