Осы жолы SKO Hub мамандары Қозыбаев университетінде қос дипломдық бағдарлама бойынша оқитын студенттерге AI-воркшоп шарасын өткізді. Қатысушылар IT заманауи технологиялардың қалай қолданылатынын білді, генеративті ЖИ құралдарымен танысты. SKO Hub облысымызда стартап жобалар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеп, жасанды интеллект енгізумен айналысады. Олар білім алушыларды хаб қызметімен таныстырып, бағдарламалар мен стартап жобаларға қатысуға шақырды. Сондай-ақ, нейрожелілерді күнделікті және шығармашылық тапсырмаларда қалай қолдануға болатынын көрсетті. SKO Hub мамандарының айтуынша, апта сайын IT, дизайн және стартап жобалары бойынша пайдалы тренингтер өткізіледі.
«Біз Astana Hub филиалымыз. SKO Hub «Qyzyljar» креатив орталығында орналасқан. IT саласы мен басқа да салалар бойынша білім алатын студенттер бізге келіп, өз шеберліктерін шыңдап, іс-шаралар мен түрлі үйірмелерге қатыса алады.Немесе өз клубтарын да құра алады»,- деді СҚО IT-хаб өңірлік директоры Нұргүл Булатова
Кездесу соңы зияткерлік ойынымен аяқталды. Мұнда студенттер өздерінің ЖИ озық дағдыларын көрсетіп, SKO Hub брендтік сыйлықтарына ие болды.