Петропавлда көшелерді абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өтті. Бастамаға Қозыбаев университетінің ұжымы да қосылды. Іс-шараға ЖОО-ның 300-ге жуық қызметкерлері мен студенттері қатысты. Қатысушылар студенттік қалашықта тазалық жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 1 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Сондай-ақ, акция аясында М. Жұмабаев атындағы саябақта Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің қатысуымен 100 ағаш отырғызылды.