Жаңа технологиялар, цифрландыру мен ЖИ әсерінен жылдам дамып жатқан еңбек нарығында сала тенденцияларын анықтау және болашақ мамандықтарды болжау, сұранысқа ие мамандарды дайындаудағы маңызды қадам болып табылады.Қозыбаев университеті алаңында «Солтүстік Қазақстан облысындағы жаңа мамандықтар атласы» атты форсайт сессиясы өтті.
Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, колледждер мен жоғары оқу орындарының өкілдері ашық диалог құрып, жаңа идеялармен алмасады. Практикалық шешімдер арқылы Солтүстік Қазақстан облысына арналған болашақ мамандықтар атласы әзірленеді. Сондай-ақ, жұмыспен қамтуды жоспарлаудың негізгі құралы ретінде өңірлік жұмыс күшінің қажеттіліктері картасының рөлін күшейту.Аймақ экономикасының ерекшеліктерін және ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін ескере отырып, бұл тәсіл жаңа оқу бағдарламаларына енгізілуі және түзетілуі тиіс болашақ кәсіптерге, дағдылар мен құзыреттерге қойылатын талаптарды әзірлеудің маңызды тетіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қозыбаев университеті «Мамандығым-Болашағым» бағдарламасының орталығына айналып, осы жерде аймақтық кеңсе ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ҒЖБМ жүзеге асырып жатқан бұл бағдарлама жаңа кәсіптер мен құзыреттердің салалық атластарын әзірлеуден басталды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысушыларға арнаған бейнеүндеуде аймақ экономикасының даму тенденцияларын талдап, қажетті мамандарды анықтау маңыздылығын атап өтті:– Білім беру мекемелері бұл сұранысқа дер кезінде жауап беріп, жұртшылық Rapid Foresight немесе Skills Technology Foresight әдістемесі арқылы оқытылатын дамудың, білім берудің келешегі зор бағыттары, жаңа мамандықтар туралы түсінік алады. Осы әдістемені пайдалана отырып, қазірдің өзінде жаңа кәсіптердің тоғыз салалық атластары және кадрлық қажеттіліктер картасы деп аталатын бес аймақтық атлас әзірленді. Біз үшін өңірлік университеттерді өңір экономикасы үшін мамандар дайындайтын хаб ретінде орналастыру өте маңызды,-деді министр.Солтүстік Қазақстан облысы үшін атласты дамыту үшін бұрын үш негізгі бағыт белгіленген: ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп және машина жасау. Қозыбаев университеті қазірдің өзінде 28 инновациялық білім беру бағдарламасын ұсынып отыр (оның 12-сі 2025 жылы ашылады), дуальды оқыту енгізіліп, өнеркәсіптік PhD докторантура бағдарламасы іске қосылды.
«Біздің мақсатымыз – осы талдаулар мен пікір алмасудың нәтижесінде болашақта сұранысқа ие және заманауи кәсіпорындарда жұмыс істей алатын түлектерді даярлау. Сонымен қатар, университетте нақты мамандықтар мен білім беру бағдарламаларын іске қосуды қамтамасыз ету»,- деп атап өтті Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев.
Қатысушылар атап өткендей, жаңа кәсіптер, құзыреттер мен дағдыларды игеру үшін облыс экономикасының қажеттіліктерін дәл болжау және жан-жақты зерделеу бүгінгі күннің басты міндеттердің бірі.