"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт.

Халық даналығы

Кудайберген Калиев удостоен звания Почётного профессора вуза

Университетте Құдайберген Қалиевтің 80 жылдығына арналған «Тұлға тағылымы: адал еңбек пен халыққа қызмет етудің маңызы» атты ашық дәріс өтті.

Құдайберген Қалиұлы – СҚО Құрметті азаматы, Еңбек ардагері, еңбек сіңірген қайраткер.

Ол қарапайым агрономнан «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК АҚ Солтүстік Қазақстандағы өкілдігінің директорына дейін көтерілді. Осы жылдары кеңшар директоры, СҚО әкімінің бірінші орынбасары, облыстық статистика басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Адал еңбегі үшін «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Шара барысында Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев мереке иесіне университеттің «Құрметті профессоры» марапатын табыс етті.

Мерейтой иесін облыстық, қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері, әріптестері, жолдастары да құттықтады.

Құдайберген Қалиұлы студенттермен өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, Отан игілігі жолында тілімізді, ұлтымызды сақтаудың маңыздылығына тоқталды: « Жиналған жастарға өзімнің өмірлік еңбек жолыммен бөлісіп, бірқатар кеңестерімді айтқым келеді. Бүгін отырыстың алдында жоғары оқу орнының Ректоры Ербол Исақаевпен тіл мәселесін талқыға салдық. Өзге ұлттың өкілі, әріптесіміз қазақ тілін көп жылдар бойы зерттеп, үйреніп жүр екен. Бұл деген үлкен мақтаныш. Қазіргі таңда басқа ұлт өкілдері қазақ тілін жетік меңгеріп, оқып жүр. Бүгінде тілімізді, дінімізді білу біздің негізгі міндетіміз деп санаймын. Маған құрмет көрсетіп, аға буын өкілдерінің өнегесін тыңдауға жиналған барша білім алушыларды мақтан тұтамын».

Шара соңында қатысушылар университеттің бас ғимаратының жанындағы саябаққа университеттің құрметті профессоры Құдайберген Қалиевке арнап атаулы шырша отырғызды.

21.10.2025