"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Ғылыми атағыңызбен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен «Компьютерлік ғылымдар және информатика»ғылыми бағыты бойынша «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы техника ғылымдарының кандидаты, АКТ кафедрасы профессорының ассистенті Кухаренко Евгения Владимировнаға берілді.
Евгения Владимировна жобаларды басқарудың, Әлеуметтік және экономикалық жүйелерді модельдеудің ғылыми бағытын белсенді дамытады. Оның есебінде Scopus дерекқорына кіретін 50-ден астам ғылыми жарияланымдар бар. Сондай-ақ Erasmus+ KZ "Advanced Center for PhD Students and Young Researchers in Informatics (ACeSYRI)"халықаралық жобасын сәтті басқарды.
Евгения Владимировнаны лайықты атағымен шын жүректен құттықтаймыз!
Отандық ғылым мен білімнің игілігі үшін одан әрі ғылыми табыстар, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
03.11.2025