"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Халықаралық сарапшылар оқытушылармен, студенттермен тәжірибелерімен бөлісті

Басқарма Төрағасы-Ректордың Қытай мен Польшадан келген шетелдік ғалымдармен кездесуінде жоғары білім беруді интернационалдандыру, бірлескен ғылыми қызмет және өңірдің аграрлық секторы үшін өзекті тақырыптарды дамыту мәселелері талқыланды. «Шетелдік ғалым»бағдарламасы аясында Агротехнологиялық факультетінде екі шетелдік профессор жұмыс жүргізеді.
Ян Юсин – PhD докторы, ҚХР солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің Жануарлар ғылымы және технологиясы колледжінің доценті -біздің университетте 13 қазан мен 9 қараша аралығында тұрақтайды. Осы уақыт ішінде Ян Юсин : кафедра ғалымдарымен бірлесіп Food Chemistry халықаралық ғылыми журналына мақала дайындап, жолдады; АФ оқытушыларына арналған семинарлар және студенттер мен магистранттарға арналған дәріс сабақтарын өткізді; ПОҚ үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.
Познань жаратылыстану ғылымдары университетінің (PULS) доценті Аркадиуш Садовский қараша айының соңына дейін университетте болады. Ол студенттермен дәріс және практикалық сабақтар, оқытушыларға арналған семинарлар өткізеді, АФ ғалымдарымен бірлесіп ғылыми мақала дайындау бойынша жұмыс істейді.
Екі шетелдік ғалым да өңірдің мал шаруашылығы кәсіпорындарына - ЖОО-ның серіктестеріне барды.
«Сізді университет қабырғасында қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе . Біз 2017 жылдан бері Қытайдың солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен стратегиялық серіктестік орнаттық. Мал шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы бойынша ғылыми зерттеулер саласында өте тығыз жұмыс жүргіземіз. Бірлескен зертханалар ашылды. Сондай-ақ, біздің студенттер жыл сайын тәжірибе мен тағылымдамалардан өтетін  Польшаның агроөнеркәсіптік кешендерімен  сенімді байланыс орнатылды. Дәл қазір біздің екі білім алушымыз Польшада. Бірлескен жұмысты одан әрі дамытуға, ғылыми жобаларды жүргізуге дайынбыз», - деді Ербол Исақаев .
Ян Юсин өз кезегінде Қозыбаев университетінде академиялық ұтқырлық бойынша оқитын қытайлық студенттерге қолдау көрсеткені үшін университет басшылығына алғысын білдірді. Қазір бізде ҚХР-дан 29 білім алушы бар.
«Біз үлкен бірлескен жұмыс жасаймыз: үшінші жыл қатарынан Қытайдан студенттер мен магистранттар сіздің ЖОО-ға келеді. Олар үшін барлық жағдайлар жасалады. Біз сіздің студенттеріңізді үлкен ықыласпен қарсы аламыз. Сондай-ақ қазір ауыл шаруашылығы саласындағы солтүстікқазақстандық үш сарапшы Қытайда ақылы тағылымдамадан өтеді. Солардың бірі- Қозыбаев университетінің оқытушысы болып табылады», - деп атап өтті Ян Юсин
07.11.2025