Сөздәйектер галереясы
Өткен күн оралмас, кұнды сөз жоғалмас.
Қозыбаев университеті Digital Qyzyljar бірінші аймақтық цифрлық форумына қатысты
Qyzyljar Creative Center алаңында бірқатар IT, креативті жобалар, студенттер мен оқушылардың стартаптары, білім беру платформалары, сондай-ақ қолданыстағы цифрлық өнімдер таныстырылды.
Олардың ішінде Қозыбаев университетінің Жасанды интеллект және цифрлық трансформация орталығы бар. Оның басты мақсаты – әлеуметтік салаларды, экономика мен бизнесті дамыту үшін процестерді автоматтандыру болып табылады.
«3 қарашада ашылғанымызға қарамастан, жүзеге асырылып жатқан 8 жобамыз бар. Мәселен, студенттер мен оқытушылардың корпустар арасында оңай қозғалуы үшін кесте құру процесін автоматтандыру жобасы болмақ. Тағы бір жоба – өтініштерді автоматтандыруға арналған AI-ticket. Сондай - ақ, Аризона студенттерімен бірге біз ЖИ көмегімен Raduga компаниясының деректерін іріктеу негізінде өнім ақауларын автоматтандырылған анықтауды қалыптастырамыз», - деді ЖИ және CT орталығының директоры Гүлнара Ким.
Сондай-ақ, форумда Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев сөз сөйледі. Ол бүгінде еліміздің цифрлық экожүйесінде университеттердің рөлін, құзыреттілік алаңдар мен инновациялар орталығына айналатынын атап өтті.
Қозыбаев университеті жаңа буын мамандарын даярлау және ЖИ-ді білім беру, басқару және бизнес-процестерге интеграциялау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
Қазіргі уақытта IT бағдарламаларында 659 студент, оның ішінде 190 - ы Аризона университетімен қос дипломды бағдарлама бойынша білім алады. Оның ішінде АҚШ-та 22 студент оқиды.
Осы оқу жылында студенттер төмендегідей жобаларды жүзеге асырады:
1. Радуга кәсіпорны үшін өндірістік деректер мен ML-талдауларға негізделген өнім ақауларын автоматты түрде анықтау жүйесін әзірлеу;
2. Жіктеу алгоритмдерін қолдана отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін бағалаудың диагностикалық моделін жасау;
3. Білім беру көрсеткіштері негізінде студенттердің академиялық табыстылығын болжаудың IT-жүйесін әзірлеу.
«Қозыбаев университеті жасанды интеллектті дамыту жөніндегі ұлттық жоба-AI Sana бағдарламасын іске асыру бойынша елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнына айналды. Бүгінде ол үздік 10 ЖОО-ға кіреді және Huawei, Coursera, Astana Hub платформаларында ЖИ арқылы базалық курстарды аяқтаған студенттер саны бойынша елімізде алдыңғы қатарда тұр. 11000-нан астам сертификат алынды; білім беруді, көлікті, медицинаны және ішкі аналитиканы дамыту үшін 5 ЖИ агенттері құрылды. Бұл жобалар университет пен өңірдің цифрлық экожүйесіне енгізіледі», - деді Ербол Исақаев.
ЖОО-да KU AI School-жасанды интеллект мектебі іске қосылады, онда студенттер мен жоғары сынып оқушылары машиналық оқыту дағдыларын, нейрожелілерді веб-әзірлеу мен интеграциялауды меңгереді. Мұндай оқытудың нәтижесі өзіңіздің интеллектуалды қосымшаңызды құруға мүмкіндік береді.
Бүгінде Қозыбаев университеті кадрларды дайындап қана қоймайды. Университет жергілікті атқарушы органдар, бизнес және ғылым синергиясының орталығы болып табылатын аймақтық AI экожүйесін құрып жатырмыз. Болашақта ел деңгейіне көтерілетін нәтижелі шешімдер пайда болады
