"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.

Платон

Әлем чемпионатының қола жүлдегері

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы және спорт шебері Андрей Глывяк Қытайда өткен Әлем чемпионатында гір көтеруден үшінші орын алды.
Беделді халықаралық жарыс 13-17 қараша аралығында Хайнингте өтті. Ұлттық құрамада облыс намысын біздің он төрт спортшы қорғады, олардың қатарында университетіміздің он түлегі Қазақстан құрамасы үшін медаль жеңді.
Андрей Глывяк +85 келі салмақ дәрежесінде ардагерлер санаты мен  әуесқойлар арасында бақ сынасты. Ол екі сайыста да қола медаль ұтып алды. Ұлттық  құраманың жаттықтырушысы Андрей Ярославович спортшыларды чемпионатқа дайындауға белсене атсалысты.
Жаттықтырушылар мен түлектерімізді құттықтаймыз! Жарайсыздар!
19.11.2025