Сөздәйектер галереясы
Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.
Александр Македонский
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған зияткерлік ойын
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. Осы орайда университет қабырғасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным және академиялық адалдық» атты брейн- ринг іс-шарасы өтті.
Интелектуалды сайысқа 7 факультеттің белсенді студенттері қатысты. Қатысушылар шығармашылық көзқарастарын ортаға салды.
Ойын «Әділдік жарысы» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Крокодил», «Сөздің күші», «Нысанға алынған кейс», «Ақиқат жақын жерде» 5 кезеңді қамтыды. Зияткерлік ойын білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, дарынды жастарды қолдау мақсатында өткізілді.
Командалар қызықты тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің көшбасшылық қабілеттерін, тапқырлықтарын танытты. Олар сұрақтарға нақты әрі жылдам жауап беруге тырысты.
Нәтижесінде брейн-ринг жеңімпазы МЖҒФ командасы атанды, 2 орынды ТЭҚФ иеленді, 3 орынға ИСТФ тобы жайғасты.
Құттықтаймыз!
08.12.2025
